Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда кафесіндегі жарылыс: Зардап шеккен 33 адам ауруханаға жеткізілді

Опубликовано:

Жарылыс орны
Оқиға орны. Фото: instagram.com/altay_kulginov_official

Нұр-Сұлтандағы кафелердің біріндегі газ баллоны жарылысынан кейін қала ауруханаларына әртүрлі жарақат алған 33 адам жеткізілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, кафедегі жарылыс салдарынан әртүрлі деңгейдегі жарақат алған 33 адам ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта зардап шегушілер тексерістен өтуде, оларға қажетті ем-дом қолданылып жатыр.

"Қазір оқиға орнында 3 жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етіп отыр. "103" қызметінің 22 бригадасы жұмылдырылды", - деді ҚДСБ.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда бүгін, 21 қарашада сағат 12.25-те дәмханадағы газ баллоны жарылған еді. Алдын ала мәлімет бойынша оқиға орнында бір адамның қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Кейінірек, қала әкімі Алтай Көлгінов төтенше жағдай салдарынан қайтыс болған қыздың туыстары мен отбасына көңіл айтты. Ол марқұмның отбасына көмек көрсетілетінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1885801-elorda-kafesindegi-zarylys-zardap-sekken-33-adam-auruhanaga-zetkizildi/

pixel