Талдықорғанда газ баллоны жарылып, 8 адам тұратын үйдің күл талқаны шықты (фото, видео)
Опубликовано:

Талдықорғанда газ баллонының жарылуынан 8 адамнан тұратын отбасы, оның ішінде 3 бала зардап шеккен деп хабарлайды Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Төтенше жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Қайғылы оқиға сағат 20.00 шамасында қала маңындағы Еркін ауылында, Казахстанская көшесінде болғандығы нақтыланды.

8 баладан тұратын отбасы тұрған жеке тұрғын үйде газ баллонының жарылғаны атап өтілді. Зардап шеккендердің барлығы, оның ішінде үш кәмелетке толмаған балалар ауруханаға жатқызылды.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиғаның жай-жапсарын хабарлай отырып, фактіні растады.
"Жарылыс сыйымдылығы 5 литрлік газ баллонынан болды, содан кейін үй тұтанусыз, жартылай құлады. Оқиғаға алдын ала себеп - пеш жабдықтарының жанында қалған тұрмыстық газ баллонына ұқыпсыз қарау", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына 8 жедел жәрдем бригадасы, 8 арнайы техника, ТЖД қызметкерлері, полиция қызметкерлері, газ қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 21 қарашада елорда кафелердің бірінде жарылыс болып, екі адам қаза тапты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1886751-taldykorganda-gaz-ballony-zarylyp-8-adam-tratyn-jdi-kl-talkany-sykty-foto-video/