Танымал дәрігер құлаққаптың денсаулыққа қандай зиян келтіретінін айтты
Опубликовано:

Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников құлаққаптың адам денсаулығына қандай зиян келтіретінін айтты деп жазады РИА Новости.
"Қауіпсіз құлаққап болмайды. Қауіпсіз – бұл 80 децибел, ал құлаққаптарда 100 және 120 децибел болуы мүмкін", - дейді Мясников.
Дәрігердің айтуынша, адам құлаққапты үш-төрт жыл қолданғаннан кейін есту қабілеті нашарлай бастайды.
Осыған байланысты дамыған елдер халқының 25%-інде 50 жасқа дейінгі азаматтардың есту қабілеті нашарлаған.
Ал құлаққап тағып жүрген кезде адам өз даусы мен жанындағы адамның сөзін еститіндей болса, бұл қалыпты болып саналады. Ал басқа жағдайда дыбысты бәсеңдету керек. Сондай жағдайда құлаққаптар аз зиян келтіреді.
Еске сала кетсек, Ресей экономика университеті информатика кафедрасының доценті Александр Тимофеев экраны үлкен смартфонды қолданудың бірнеше тиімсіз тұсы бар екенін айтты.
Ал Canalys компаниясының сарапшылары жасаған зерттеуден әлемдегі ең танымал смартфон белгілі болды. Анықталғандай, нарықта ең көп сатылған құрылғы өткен жылы шыққан iPhone 11 екен.
Сондай-ақ ресейлік маман телефонмен сөйлескенде жаңғырық шығуының бірнеше себебі барын айтқан болатын.
Сонымен қатар Тelecom daily ақпараттық-талдау агенттігінің директоры Денис Кусков смартфоннан ай сайын нені өшіру керек екенін айтты. Маманның сөзінше, қажетсіз және қолданылмайтын қосымшалар смартфон жадын толтырып тастайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1887104-tanymal-driger-klakkapty-densaulykka-kandaj-zian-keltiretinin-ajtty/