Оралда үй өртеніп, ер адам мен төрт жасар бала қайтыс болды
Жарияланған күні:
Бүгін түнде Оралда тұрғын үй өртенді. Салдарынан екі адам қайтыс болып, тағы екеуі ауруханаға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.
"101" пультіне өрт туралы ақпарат түн ортасында түскен. Құтқарушылар келгенше зейнеттегі өрт сөндіруші жанып жатқан ғимараттан 43 жастағы ер адам мен 4 жасар қызды шығарып үлгерген. Олар екеуі де улы газбен уланып, ауруханаға жеткізілді.
Үйдің толығымен отқа оранғаны хабарланды. Өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алып, 27 литр газ баллонын сыртқа шығарған.
Оқиға орнынан екі адамның денесі табылған.
БҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаза болғандар 67 жастағы үй иесі мен оның 8 жасар немересі.
"Өрттің болжамды себебі - жылыту пешін орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу", - дейді БҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, 10 желтоқсанда Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Сұлукөл ауылындағы тұрғын үйдің түгі қалмай өртеніп кетті. Жанып жатқан үйге кірген ауыл әкімі бес баланы аман алып қалған.
Сондай-ақ Көкшетауда да 10 желтоқсан күні қайғылы оқиға орын алды. Сабатаев көшесіндегі жеке үйде өрт болған.
Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалын 48 шаршы метр аумаққа шарпыған. Өртті сөндіруге келген құтқарушылар 1957 жылы туған ер адамның мәйітін тапты.
Ер адам терезені сындырып, әйелін сыртқа шығарып, құтқарушылар келгенше өзі өртті сөндірмек болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1889127-oralda-j-rtenip-er-adam-men-trt-zasar-bala-kajtys-boldy/