Ақмола облысында жол апатынан әкім көз жұмды
Жарияланған күні:
Ақмола облысында жол апатынан ауыл әкімі қайтыс болды. Қайғылы жайт 14 желтоқсанда кеште Тарасов ауылдық округінің басшысы Атбасар қаласынан үйіне қайтып келе жатқан уақытта болған. Бұл хабарды Жақсы ауданының әкімдігі де растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жол апаты Атбасар ауданының аймағында Алматы-Екатеринбург тас жолында болған.
Тарасов ауылдық округінің әкімі, 51 жастағы Мирасхан Мұратов Атбасар қаласынан Тарасовка ауылына қарай қызметтік "Нива" автокөлігімен үйіне қайтып келе жатқан.
Алайда жолда жүк көлігімен соқтығысқан. Ауылдық округтің басшысын құтқару мүмкін болмаған.
Жақсы ауданының әкімдігінде атап өткендей, қазіргі уақытта полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.
Аталмыш факті бойынша, қылмыстық іс қозғалған. Марқұмның артында отбасы, үш баласы қалды. Олардың бірі кәмелет жасына толмаған.
Ертең әріптестері Мирасхан Мұратовты соңғы сапарға шығарып салады. Оның отбасына қажетті көмек көрсетіледі.
Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысы, Қарасу ауданы әкімінің 42 жастағы орынбасары жол апатынан қайтыс болғанын хабарлаған едік. Қайғылы жайтқа қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірген болатын.
Сонымен қатар Ақмола облысында белгілі кәсіпкер Владимир Свидерскийдің жол апатынан қайтыс болғанын жазған едік. Жол апаты 25 қыркүйек күні кешке Нұр-Сұлтан - Петропавл тас жолының 285 шақырымында болған.
Сондай-ақ Щучинск қаласында екі полиция қызметкері жол апатынан көз жұмған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1889601-akmola-oblysynda-zol-apatynan-kim-kz-zmdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.