Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 жыл бұрын әкесін өлтірген": Түрмеден шыққан ер адам анасын пышақтап тастады

Опубликовано:

Пышақ
Көрнекі фото: 1obl.ru

Әкесін өлтіргені үшін он жылға сотталған Ресейдің Ханты-Мансийск автономды округінің тұрғыны тағы да аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Мас күйінде ұсталған ер адам бұл жолы анасын өлтірген деп хабарлайды РИА Новости.

Юградағы жантүршігерлік қылмысты Ресейдің тергеу комитеті растап отыр.

"Тергеушілердің сөзінше, 16 желтоқсанда ер адамға 74 жастағы анасы 2008 жылы әкесін өлтіргені туралы айтқан соң, ашуға бой алдырған ол қартияның кеудесіне ас үй пышағын сұғып алған. Егде жастағы әйел оқиға орнында көз жүмған", – деп мәлімдеді ведомство.

Құқық қорғау саласының мамандары қылмыс кезінде 47 жастағы ер адамның қатты мас болғанын жеткізді. Арада төрт сағат өткен соң күдіктінің тәртіп сақшыларына өзі қоңырау шалып, жағдайды хабардар еткені белгілі болды.

"Күдіктінің бір жарым жыл бұрын түрмеден шыққаны анықталды. Ол әкесін өлтіргені үшін 10 жыл бойы жазасын өтеген", – деді тергеу комитеті.

Айта кетейік, аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске сала кетсек, Оралда такси жүргізушілерін сабап, көлігін тартып алып жүрген қарақшылар ұсталғаны хабарланған еді. Қылмыстық топ ұрланған көлікті Атырауда сатпақ болған жерінде қолға түскен.

Автобарымташыларға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Екеуі де, тепсе темір үзетін 21 жастағы жігіттер. Ұсталған кезде қылмыстық топтан суық қару және бірнеше көліктің мемлекеттік нөмері табылған.

Айыптары дәлелденіп жатса онда олар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетсек, Орал қаласында денесін күйік шалған 31 жастағы әйел есін жимастан ауруханада қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ 17 қарашада Оралда ер адам мектеп оқушысын әкесі секілді алып кетпек болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1889917-10-zyl-bryn-kesin-ltirgen-trmeden-sykkan-er-adam-anasyn-pysaktap-tastady/

pixel