Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда ер адам лифт шахтасына құлап, көз жұмды

Опубликовано:

Лифт шахтасы
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында жеке жер үйде жөндеу жұмыстарымен айналысқан 34 жастағы жалдамалы жұмысшының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Ауруханаға аса ауыр жарақаттармен жеткізілген азамат сол жерде есін жимастан қайтыс болды. Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайғылы жағдай жайында әлеуметтік желі арқылы белгілі болды. Анықталғандай, оқиға 15 желтоқсан күні орын алған. Ер адам Талдықорған ауруханасына жеткізілген бойда көз жұмған. Ол лифт шахтасына құлап, сансыз ауыр жарақат алды.

Оқыс оқиға бірден құқыққорғау қызметкерлерінің назарына ілікті. Полиция аталған іске қатысты арнайы тексеріс ұйымдастырды. Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс ҚР ҚК-тің 156 бабының, үшінші бөлігі "Еңбек қорғау ережелерін бұзу" бойынша қозғалғанын хабарлады.

"34 жастағы жұмысшы көпқабатты үйдегі лифт шахтасына құлап кеткен. Сансыз жарақат алған азамат бірден Талдықорған қаласының көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Ол сол күні қайтыс болды. Бүгінде аталған іске қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды" , - деді ведомствода.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында тағы бір қайғылы жағдайдың орын алғанын хабарлаған болатынбыз. Төбешіктен сырғанаған 10 жасар оқушы қыз ауыр жарақат алып, соның салдарынан қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1890057-taldykorganda-er-adam-lift-sahtasyna-klap-kz-zmdy/

pixel