Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, алты адам жарақат алды

Опубликовано:

вид на автобус изнутри
Фото: pixabay.com

Елордада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорданың полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 29 желтоқсан сағат 11:38-де Тәуелсіздік даңғылының бойында жеңіл автокөлік пен автобус соқтығысып қалған.

47 жастағы әйел Volkswagen Polo көлігін басқарып келе жатып, орын ауыстырған кезде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбегені белгілі болды.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан автобус жарықтандыру тірегіне соғылған.

Ауруханаға маршруттық автобустың 5 жолаушысы мен Volkswagen Polo көлігінің жүргізушісі жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр.

"Полиция департаменті жүргізушілерден қозғалыс кезінде барынша мұқият болуды, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1891578-elordada-zeil-klik-pen-avtobus-soktygysyp-alty-adam-zarakat-aldy/

pixel