Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

12 жастағы қазақстандық жеткіншек Қырғызстандағы тау-шаңғы базасында мерт болды

Опубликовано:

Шаңғышы
Көрнекі фото: piqsels.com

12 жастағы қазақстандық жасөспірім Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Қаракөл тау-шаңғы базасында көз жұмды. Жеткіншектің өлімін облыстық ішкі істер басқармасы растады деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Басылымның жазуынша, жасөспірімнің қайтыс болғаны туралы ақпарат полицияға бүгін 12 қаңтарда сағат 15.00 шамасында түскен.

Хабарламада жеткіншектің шаңғымен төменге қарай сырғанап келе жатып, шыршаға соғылып, оқиға орнында көз жұмғаны айтылған.

Ыстықкөл облыстық ішкі істер басқармасының басшысы Ұлан Асанбаев жеткіншектің денесі базадан түсіріліп жатқанын, сот-медициналық сараптамасын жүргізу үшін денесі облыстық ауруханаға жеткізілетінін айтты.

Қайғылы оқиға болған жерде Қырғызстанның полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Олар болған жағдайдың себеп-салдары мен мән-жайын анықтауы керек.

Еске салсақ, бұған дейін Татарстанда төбешіктен сырғанаған үш жасар қыз бала мерт болғанын хабарлаған болатынбыз. Бүлдіршін төбешіктен сырғанап келе жатып, ағашқа соғылған.

Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сонымен қатар Алматы облысы Көксу ауданында төбешіктен сырғанап, ауыр жарақат алған 10 жасар қыз бала көз жұмған еді. Қайғылы жағдай сырғанауға арналмаған төмпешіктердің бірінде болған.

Сонымен бірге Солтүстік Қазақстан облысы Борки ауылындағы шаңғы базасында төбешіктен сырғанап, ауыр жарақат алған әйел де ауруханада қайтыс болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1893395-12-zastagy-kazakstandyk-zetkinsek-kyrgyzstandagy-tau-sagy-bazasynda-mert-boldy/

pixel