Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да екі адам 7 мың теңге үшін зейнеткерді соққыға жыққан

Опубликовано:

Зейнеткер
Көрнекі фото: vse42.ru

Шығыс Қазақстан облысында белгісіз азаматтар 70 жастағы зейнеткерді ақша үшін соққыға жығып, тонап кеткен деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Басылымның жазуынша, Риддердің полиция бөліміне қалалық аурухана медбикесінен 70 жастағы тұрғынның дене жарақаттарымен травматология бөліміне жүгінгені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына тез арада жедел-тергеу тобы жіберілген.

Жәбірленуші қарияның айтуынша, 14 қаңтар күні шамамен кешкі 22:00 уақытында оның үйіне бетперде киген белгісіз екі ер адам кіріп, соққыға жығып, 7000 теңге көлеміндегі қаржысын алып кеткен.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Риддер қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері, ШҚО полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, 33 және 44 жастағы күдіктілерді ұстады. Олар өз кінәсін мойындады", - дейді ШҚО полиция департаментінің басшысы Сағат Мадиев.

Күдіктілер Риддер қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Еске салайық, осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны интернет-алаяқтардың нұсқауымен жоспардан тыс несие ресімдеп, бірден бар қаражатынан айырылған еді.

Ал жыл басынан бері 20-дан астам петропавлдық интернет-алаяқтардың құрығына түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1896707-sko-da-eki-adam-7-my-tege-sin-zejnetkerdi-sokkyga-zykkan/

pixel