Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төрт адам қаза тапты": Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: "Ақ Жайық" басылымы

Ақмола облысына қарасты Астрахань ауданында жантүршігерлік жол апаты орын алып, оның салдарынан бес адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғасынан көз жұмғандар қатарында екі бала бар. Бұл туралы өңірлік полицияның ресми Instagram парақшасында хабарланды.

Қайғылы оқиға 31 қаңтар күні Жамбыл ауылының маңында орын алған. Жантүршігерлік жол апатында BMW X5 пен КамАЗ көліктері соқтығысып қалған.

Ведомствоның хабарлауынша, жүк көлігі алдыда келе жатқан. Екі автокөлік те Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған.

Жол-көлік оқиғасында BMW X5 көлігінің тізгінінде болған 34 жастағы жүргізуші мен оның төрт жолаушысы қаза тапты. Қайтыс болғандар қатарында ер адамнан басқа, екі әйел мен кәмелетке толмаған екі бала бар.

Сонымен қатар, жол апатында тағы екі баланың зардап шеккені белгілі болды. Сансыз жарақат алғаш жасөспірімдерді бірден елордалық ауруханаға жеткізді.

Полицияның ақпаратынша, BMW жүргізушісі мас күйде болмаған.

Бес адамнығ өмірін алып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1896759-trt-adam-kaza-tapty-akmola-oblysynda-zantrsigerlik-zol-apaty-oryn-aldy/

pixel