Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде ішімдік ішкен ер адам полицейдің мойнын пышақпен жарақаттады

Опубликовано:

Пышақ ұстаған жігіт
Көрнекі фото: NUR.KZ

Өскеменде шақырту орнына келген полицей мойнынан пышақ жарақатын алған. Тәртіп сақшысына шабуыл жасаған ер адам ұсталды деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Іnstagram парақшасы.

Полицияның хабарлауынша, 8 ақпан күні түнде полицияның патрульдік жасағы көпқабатты үйлердің бірінде тыныштық бұзылғаны туралы қоңырау алған. Оқиға орнына келген сақшылар алкогольді сусын ішіп отырған екі ер адамды көрген. Жігіттер 9 қабаттың баспалдағында қатты дауыстап сөйлесіп тұрған.

Полицейлер ер адамдарға тәртіп бұзып жатқанын айтқан. Олардың шуламауларын өтінген. Алайда тәртіп бұзғандар патрульдік полиция қызметкерлерімен дауласып қалған.

Осы сәтте ер адамдардың бірі пышақпен полицейдің мойын тұсын жарақаттаған. Содан кейін ол баспалдақпен төмен қарай қашқан. Жаралы полиция қызметкері оның соңынан қуған.

Шабуылдаған ер адам көшеде полицейлерге пышақпен сес көрсеткен. Тәртіп сақшылары бұзақының қолынан суық қаруын тартып алып, оны дубинкамен ұрған.

"Қазіргі уақытта ұсталған 24 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК 380 бабы, 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Зардап шеккен полицейге ота жасалған. Қазіргі уақытта тәртіп сақшысының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1898142-oskemende-isimdik-isken-er-adam-policeidin-moinyn-pysaqpen-zaraqattady-video/

pixel