Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Істі жауып тастаған": Ақтау тұрғыны өзін зорламақ болғанын екі жылдан бері дәлелдей алмай жүр

Опубликовано:

Ақтау тұрғыны
Видеодан кадр: lada.kz

Ақтау тұрғыны Анастасия Елхимова екі жылдан бері өзін такси қызметінің көлігінде тонап, ұрып, зорламақ болғанын дәлелдей алмай жүр. Оның сөзінше, қылмыстық іс бойынша тергеу басталған. Алайда жәбірленушінің берген түсінігіне қарамастан, полицейлер істі жауып тастаған. Ал кінәлілер әлі бостандықта жүр. Оқиғаның мән-жайын жәбірленушінің өзі баяндап берді деп хабарлайды lada.kz.

Оқиға 2019 жылы болған. Анастасия сол күні құрбысының үйіне қонаққа барған.

"Үйге қайтайын деп жаттым. Телефоным сөніп қалған соң құрбым InDriver қосымшасы арқылы такси шақырып берді. Келген көлікте жүргізушінің қасында жолаушы отырды. Әдетте мұндай кезде мен көлікке отырудан бас тартамын. Алайда сол күні асығып тұрдым, үйде жанұям мен балам күтіп отырды. Жүргізуші менің үйіме апаратын қиылыстан өтіп кеткенде, мен оған мұны ескертіп айттым. Ол бағдаршамнан бұрылатынын айтты.

Нәтижесінде ол бағдаршамнан өтіп кетіп, "Аққала Молл" жаққа барып, тоқтады. Мен үрейленіп, көліктен шыққым келді, бірақ есіктер ашылмады. Бір уақытта жолаушы артқы орынға өтті. Содан кейін нағыз күрес басталды", - деп есіне алады зардап шегуші.

Осылайша, ер адам Анастасияның үстінен киімдерін шеше бастаған.

"Оны аяғыммен тебе бастағанда ол есікті ашып мені жерге лақтырып жіберді", - дейді Анастасия.

Қаскөйлер келіншектің ұялы телефоны мен ақшасын алып қойған. Ал үйге қала тұрғыны жолдан такси ұстап барған.

"Менің үстімде тек жейде болды. Таңертең ата-анаммен бірге полицияға арыз жаздық. Такси жүргізушісінің ұялы телефоны өшіп тұрды, бірақ ағам оны тауып алды. Таксисті бірден таныдым. Ағам оған жұдырық ала жүгірді алайда әкем ажыратты", - дейді Анастасия.

Анастасияның айтуынша, тергеу барысында іс бес тергеушіге берілген.

"Мен бетпе-бет кездестіргенде оларды таныдым. Алайда олар (тергеушілер ред.) жалған сөйлеп тұрғанымды айтты. Мені үйге дейін апарыпты мыс. Негізінен менің сөздерімнің растығына көз жетуізу үшін бейнебақылау камераларын тексеру жеткілікті еді. Ал камерада көліктің басқа жаққа өтіп кеткені байқалады. Көлікте жүргізілген тінту жұмыстарының нәтижесінде менің сырғам табылды, бірақ неге екені белгісіз тергеушілер мұны назарға алған жоқ. Соңында, тіпті, қылмыс құрамы болмағандықтан, істің жабылғанын білдім. Ал қазір олар бостандықта жүр.

Олардың жергілікті тұрғындар емес екенін білемін, нәпақа табу үшін басқа жақтан келген. Жатақханада бірге бөлме жалдайды. Олардың да әйелі, баласы бар. Полиция істі прокуратураға жолдағанын, істі қадағалаушы орган жауып тастағанын айтты. Мен істің неге жабылғанын білу үшін онда арыз жаздым.

Олардың кінәлі екенін дәлелдеуге ниеттімін, тергеу жұмыстарын қайта жүргізуді талап етемін. Бұл такси қызметін қаланың көптеген тұрғыны пайдаланады. Қорқынышты, мұндай жағдай қайталануы әбден мүмкін. Ал бастысы кейін оларды жазаға тартудың мүмкін еместігі. Себебі бұл қызметтің арнайы базасы жоқ, тек мобильдік қосымшада ғана", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1898508-isti-zauyp-tastagan-aqtau-turgyny-ozinin-zorlanganyn-eki-zyldan-beri-daleldei-almai-zur/

pixel