Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңатастағы өрт: Сотқа дейінгі тергеу басталды

Опубликовано:

Қызыл жалын
Көрнекі фото: pixabay.com

Жаңатаста бір үйдің бес баласы көз жұмған өртке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақыт Ратаев хабарлады.

"Өрт фактісі бойынша Қылмыстық кодексТің 292-бабының 3-бөлігі (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-сараптама орталығы мамандарының алды ала мәліметтері бойынша, өлім улы газдан уланудан, ал өрттің ашық от көзі тұтанғыш материалдың, яғни төсек-орын жабындарының бетіне тигенінен болған. Өрттің қорытынды себептері барлық қажетті сараптамалардың нәтижелері бойынша жарияланатын болады", - деді ол.

Айта кетейік, күні кеше Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен бір үйдің бас баласы көз жұмды. Алдын ала мәліметтер бойынша, тұрғын үйдің пәтеріндегі өрт оқиғасы тез тұтанғыш материалдың бетіне ашық от көзінің түсуі салдарынан туындаған. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз брифингінде ТЖ департаментінің бастығы Ермек Момбаев айтты.

Бүгінде оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің өкімімен комиссия құрылған, оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, полиция департаментінің, ТЖ департаментінің және басқа да жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1899974-zanatastagy-ort-sotqa-deiingi-tergeu-bastaldy/

pixel