Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аязда тас жолда қалған қарағандылық құлағынан айырыла жаздады (видео)

Опубликовано:

Аязда қалған азамат
Фото: instagram.com/astana.times

Әлеуметтік желіде боранда тас жолда қалып қойғанын айтқан азаматтың видеосы тарады. Оның кірпіктеріне аяз қатып, құлақтары үсуге шақ қалған деп хабарлайды Lada.kz.

Видеоның Қарағанды облысында түсірілгені анықталды. Бейнежазба astana.times Instagram парақшасында жарияланды.

Кейіннен азаматтың құлағы кесілгені туралы ақпарат тарады. Алайда, бұл дерек жалған болып шықты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі 1962 жылы туған азамат қалалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Медициналық мекемеде оған екінші дәрежедегі үсу диагнозы қойылып, тиісті көмектер көрсетілген. Қазір азамат үйге амбулаториялық емдеуге жіберілген. Қос құлағы да орнында.

Айта кетейік, осыған дейін ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қазақстанның басым бөлігінде, нақтырақ 10 облысында 41 республикалық және 75 облыстық маңызға ие автокөлік жолы жабылғанын жазған едік.

Сонымен қатар бүгін еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.

Синоптиктердің болжамынша, 26 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде екпіні кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

26 ақпанда Қарағанды қаласында да оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде екпіні 15 м/с дейін жетуі ықтимал.

26-27 ақпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 40 градусқа дейін қатты аяз күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1900979-ayazda-tas-zolda-qalgan-qaragandylyq-qulagynan-aiyryla-zazdady-video/

pixel