Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік көліктерді жалған құжатпен кіргізген: Қазақстанда қылмыстық топ ұсталды

Опубликовано:

Көлікте отырған ер адам
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстанда автокөліктерді контрабандалық жолмен өткізген трансұлттық қылмыстық топ мүшелері ұсталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті мен облыстық прокуратура өкілдері бірлесіп, автокөлік контрабандасымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топты ұстады. Олар жалған құжаттарда көлік бөлшектері деп көрсетіп, Ресейден Қазақстанға автокөліктер кіргізумен айналысқан", – делінген хабарламада.

Күдіктілерді тінту кезінде 60 машинаға қатысты (54 жеңіл автокөлік, алты жүк көлігі) заңсыз әрекеттерді растайтын құжаттар, Ресей Федерациясының жалған техникалық паспорты мен мемлекеттік нөмір белгілері тәркіленді. 

"Мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала мөлшері шамамен 650 миллион теңгені құрайды", – деп атап көрсетілген ақпаратта.

Қазіргі кезде ұсталғандар екі айға дейінгі мерзімге қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кетейік, елдегі жанармай құю бекеттерінде ең танымал бензин маркасының литрі қымбаттады. Бұған дейін қазақстандықтар АИ-92 бензиніне литріне орташа есеппен 150 теңге жұмсаған. Бірақ қазір елдегі жанармай құю бекеттеріндегі баға литріне 160 теңгеге дейін өсті. Яғни, ел бойынша орта есеппен 7 теңгеге өскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1901825-reseilik-kolikterdi-zalgan-quzatpen-kirgizgen-qazaqstanda-qylmystyq-top-ustaldy/

pixel