Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда жер сілкініп, үш адам қаза тапты

Опубликовано:

Қырғызстан
Фото: Хабар 24

Қытайда күші 5,4 балдық жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Хабар 24.

Табиғи апат ошағы Шыңжаң-ұйғыр автономды аймағынан 101 шақырым жерден өтіп, кіндігі 10 шақырым тереңдікте болған. БАҚ хабарлауынша, жер сілкінісінен 3 адам қаза тапқан.

Айта кетейік, Алматы облысында 2-3 баллдық жер сілкінісі болды.

"ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық стансалар желісі 24 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 13 сағат 03 мин 03 секундта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 249 шақырым жерде, Алматы облысының таулы жерінде орналасқан",- делінген хабарламада.

Энергетикалық санаты – 11.2. MPV магнитудасы –5.2. Тереңдігі – 15 шақырым. Талдықорған, Текелі қалаларында 2-3 балдық жер сілкінісі сезілген.

"Алматы облысының ТЖ Департаменті Жергілікті атқарушы органдарды, Полиция Департаментін, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарды хабардар етті, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, қираулар мен құрбандар туралы хабарламалар түскен жоқ", - деп толықтырды ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1904496-qytaida-zer-silkinip-us-adam-qaza-tapty/