Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мысырда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 32 адам қаза болды

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: РИА Новости

Мысырда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, салдарынан 32 адам қаза тауып, кемі 66 азамат жарақат алған.

Mash Telegram арнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға елдің оңтүстігінде, Сохаг аймағындағы Тахта қаласының маңында болған.

Оқиға орнына 49 жедел жәрдем бригадасы жіберіліп, зардап шеккендерді қабылдау үшін барлық ауруханалар төтенше жағдай режиміне көшкен.

РИА Новости Telegram арнасы Мысырдың денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, қазір апат салдарынан 32 адам қаза болғаны және кемі 66 жолаушының жарақат алғаны белгілі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1904914-mysyrda-eki-zolausylar-poiyzy-soqtygysyp-32-adam-qaza-tapty/

pixel