Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арселор Миттал Теміртау" шахтасынан өрт шықты (видео)

Опубликовано:

Өртсөндірушілер өртті сөндіріп жатыр
Оқиға орны. Фото: Telegram-канал/ Sputnik.kz

Қарағанды облысында "Арселор Миттал Теміртау" АҚ КД "Саранская" шахтасынан өрт шықты. Төтенше жағдай салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қарағанды облысының ТЖД-не сілтеме жасаған Sputnik Қазақстанның хабарлауынша, құтқару қызметіне өрт туралы хабарлама сағат 15:36-да түскен. Ведомствоның мәліметінше, тасымалдаушы таспа мен технологиялық кешеннің екі галереясындағы ағаштан жасалған ішкі қаптау өртенген.

"+24 +27 белгісіндегі екі галерея қирап қалды" , - делінген ТЖД хабарламасында.

Өрт сағат 16:53-те ауыздықталды. Жалын 350 шаршы метрді құрайтын ауданды шарпыды.

Қазіргі таңда оқиға орнында жұмыстар жалғасуда. Төтенше жағдай департаменті өрттің шығу себебі міндетті түрде анықталатынын мәлімдеді.

Басылымның хабарлауынша, бұл осы айда аталмыш кәсіпорында орын алған екінші өрт оқиғасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1905047-arselor-mittal-temirtau-saxtasynan-ort-syqty-video/

pixel