Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында жасөспірім дене жарақатымен ауруханаға түсті

Опубликовано:

Пышақ ұстаған жігіт
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қызылорда облысында жасөспірім дене жарақатымен ауруханаға түсті деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 8 сәуірінде жергілікті сағат 17:30 шамасында​ Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөліміне​ жасөспірімнің дене​ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Анықталғандай, 16 жастағы аудан тұрғынына белгісіз адам​ пышақпен жарақат салған. Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті 16 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Орын алған дерек бойынша қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі арқылы 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағымен (Адам өлтіруге оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру​ амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды.​​ Оқиғаның​ орын алу себептері мен мән-жайлары анықталуда.

Полиция департаментінің ұйымдастыруымен ​шұғыл кеңес өтті. Кеңеске әкімдік, білім беру өкілдері, "Жас Отан" жастар қанаты және​ басқа да​ мүдделі органдардың өкілдері шақырылды. Шұғыл кеңесте кәмелет жасына толмағандар арасындағы​ құқық бұзушылықтың​ және қылмыстылықтың алдын алу​ бойынша бірлескен жедел іс-шараларды күшейту, сондай-ақ​ ата-аналардың бала тәрбиесіндегі​ ​маңызды рөлі туралы талқыланды.

Өз кезегінде, Қызылорда облысы полиция департаменті ата-аналарға балаларына аса мұқият болып, бақылауды күшейтуді сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1907286-qyzylorda-oblysynda-zasospirim-dene-zaraqatymen-auruxanaga-tusti/

pixel