Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пәтерді қалың түтін басқан": Атыраулық полицейлер үш баланы өрттен құтқарды (фото)

Опубликовано:

Өрт
Фото: Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі

Атырау облысы Құлсары қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты. Оқиға орнына шұғыл жеткен полция қызметкерлері үш баланы тілсіз жаудан құтқарып қалды деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Өрт 3-ықшамауданындағы 5 қабатты үйдің бірінен шыққан. Жылыой полиция бөлімінің 102 пультіне хабарлама таңғы сағат 4-те түскен.

Жедел түрде оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары пәтердің ішін қалың түтін басқанын байқаған. Төрт полиция қызметкері өрт сөндірушілерді күтпей, тұрғын үйге кіріп, 4, 5 және 6 жасар үш баланы қауіпсіз жерге алып шыққан. Артынша көрші пәтерлердің тұрғындарын шығарған.

"Біздің қызметкерлер қауіпті жерде ешкім қалып қойған жоқ па деп пәтерлерді мұқият қарап шықты. Құдай сақтап, зардап шеккендер жоқ", - дейді Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.

Өрт
Фото: Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі

Жылыой аудандық төтенше жағдай бөлімінің бастығы Нариман Өтешовтің айтуынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. От ас үйде басталып, тартылған төбесі толық жанып кеткен.

"Өрт 20 минут ішінде сөндірілді. Екі техника мен бес қызметкер жұмылдырылды", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысы, Хромтау ауданында жеке үйде жарылыс болып, салдарынан 7 адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған едік. Оқиға 11 наурызда сағат 16:00-де Ақжар ауылында болған.

Жарылысқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бірақ кейін үйдің ішінен 5 литрлік құтыда газ конденсатының сақталғаны анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1907615-paterdi-qalyn-tutin-basqan-atyraulyq-policeiler-us-balany-ortten-qutqardy-foto/

pixel