Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысындағы ұшақ апаты: Ұшқыштардың жағдайы қалай

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі Қарағанды облысында оқу-жаттығу ұшуын жүзеге асыру барысында апатқа ұшыраған Су-30СМ ұшағындағы ұшқыштардың жағдайы туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ұшақ экипажы жер бетінде халыққа қауіп төнбейтініне көз жеткізіп барып, катапульталанды. Апатқа ұшыраған ұшақ салдарынан өлім жағдайлары тіркелмеді. Ұшқыштардың бірінің кеуде тұсындағы омыртқасы сынды. Екіншісі дін аман. Қазіргі уақытта ұшқыштың екеуі де дәрігерлердің бақылауында", - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Қарағанды облысының Балқаш ауданында Қорғаныс министрлігінің ұшағы апатқа ұшырады.

Министрліктің мәліметінше, СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы құлаған.

Ұшақ экипажы шығарылған, ұшқыштар аман. Олардың медицина қызметкерлерінің қарауында екені айтылды.

Сондай-ақ ведомство оқиғаның себептерін анықтау үшін ұшақ құлаған жерге арнайы комиссия жіберілгенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1908421-qaragandy-oblysyndagy-usaq-apaty-usqystardyn-zagdaiy-qalai/

pixel