Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жүк көлігі сиырларды қақты: Жол апатынан бір адам қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Сиыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында жүк көлігі үш сиырды қағып кетіп, салдарынан бір жолаушы қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы өңірдің полиция департаментінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Оқиға Талғар ауданында 25 сәуір кешкі 19:00 шамасында орын алған.

Ведомство мәліметінше, "Ақбұлақ – Талғар" тас жолымен батыс бағытта келе жатқан "HYUNDAI HD270" жүк көлігінің жүргізушісі үш сиырды қағып кеткен.

Салдарынан көлік ішінде отырған 33 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Бұл фактіге қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағы бойынша ("Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет") сотқа дейінгі тергеу басталған.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Еске сала кетсек, Алматы облысында екі жүк көлігі мен бір жеңіл автокөліктің қатысуымен болған жол апатынан 46 жастағы ер адам қайтыс болып, тағы бір әйел ауыр жарақат алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1909666-almaty-oblysynda-zuk-koligi-siyrlardy-qaqty-zol-apatynan-bir-adam-qaza-tapty-video/

pixel