Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде подъезд ішінде әйелді соққыға жыққан ер адам видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Видеодан кадр
Видеодан кадр: instagram.com/zello_atyrau_06

Қазнетте көпқабатты үйдің кіреберісінде келіншекті аяусыз ұрып жатқан ер адамның видеосы пайда болды. Полицейлер оқиғаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Instagram желісіндегі zello_atyrau_06 парақшасында әйел адамның соққыға жығылған сәті түсірілген видео жарияланды.

Кадрларда келіншектің подъез дәлізімен жайбарақат келе жатқаны көрсетілген. Алайда бір мезетте оны артынан бейтаныс ер адам ұстап алып, еденге құлатып, бетінен жұдырықпен ұрған. Осыдан кейін ол оқиға орнынан кетіп қалған.

Роликтің жазбасына сүйенсек, оқиға Ақтөбеде орын алған.

Осы ретте облыстық полиция департаменті аталмыш жайтқа қатысты пікір білдірді.

"Полиция департаменті күдікті азаматтың жеке басын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде", - дейді полиция департаментінің өкілдері видеоның астындағы пікірде.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде такси жүргізушісін өлтіріп, көлігін айдап кетті деген күдікпен екі адам ұсталғанын жазған едік.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі “Адам өлтіру” және 192-бабының 3-бөлігі “Қарақшылық” дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Одан бөлек, ақтөбеліктер карантинге қарамастан 100 қонақ шақырып, аста-төк той өткізген болатын.

Сондай-ақ жұмыс істеуіне тыйым салынған V12, Dali, Grand House, Lychee караоке-кальян клубтары және "Лига Чемпионов", "Реал", "Лото клуб", "Киял", "ХАН", "ПС-4", SunStrike ойын клубтары, "Реванш" және "555" бильярд клубтары клиенттерге қызмет көрсеткені анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1910028-aqtobede-podezd-isinde-aieldi-soqqyga-zyqqan-er-adam-videoga-tusip-qaldy/

pixel