Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстан-Тәжікстан шекарасындағы қақтығыс: Қанша адамның қаза тапқаны хабарланды

Опубликовано:

Фото
Фото: ritmeurasia

Қырғызстан-Тәжікстан шекарасындағы қақтығыс салдарынан 13 адам қаза тауып, 134 адам жарақат алды деп хабарлайды 24.kg.

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, зардап шеккен 25 адам арнайы бортпен Баткеннен Бішкекке жеткізіліп, Бішкек травмотолгия және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығы, Ұлттық госпиталь және Ұлттық хирургия орталығына жатқызылған.

Екі адамның жағдайы ауыр, қалғандарының жағдайы орташа деңгейде және қанағаттанарлық.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қырғызстан-Тәжікстан шекарасында атыс болып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Қырғызстан шекара қызметі Тәжікстанның "Ходжа Аълло" шекара заставасын басып алғанын жариялады, ал Тәжікстан өз кезегінде Достук заставасына оқ жаудырды.

Кейінірек Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

"Қырғызстан мен Тәжікстанның мемлекеттік шекарасындағы қарулы қақтығыс туралы ақпаратты асқан алаңдаушылықпен қабылдадым. Қырғыз бен тәжік халықтары біздің бауырларымыз, тарихымыз бен мәдени құндылықтарымыз ортақ", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Cонымен қатар басылым беттерінде Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы қарулы жанжалды реттеу бойынша бірлескен мәлімдеме жасағаны туралы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1910478-qyrgyzstan-tazikstan-sekarasyndagy-qaqtygys-qansa-adamnyn-qaza-tapqany-xabarlandy/

pixel