Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда полиция қызметкеріне жергілікті тұрғын пышақ жарақатын салды

Опубликовано:

Фото
Фото: Zakon.kz

Талдықорғанда алкогольді сусын тұтынған ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиға 3 мамыр күні орын алған. Түнгі сағат 01:15-те тәртіп сақшыларына Талдықорған қаласының тұрғыны қоңырау шалған. Ол мас күйеуі өзін автобекетте қорқытқанын жеткізген.

"Шақырту орнына тез арада екі учаскелік полиция қызметкері барды, оларды күдікті байқап қалып, сол жерден қашып кетуге тырысқан. Іздеу және қамауға алу шараларын қабылдау кезінде, Абай мен Жансүгіров көшелерінің қиылысында алкогольді сусын тұтынған ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, учаскелік полиция қызметкерлердің біріне пышақ жарақатын салды, - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

23 жастағы күдікті уақытша қамауға алынды. Айғақты зат ретінде ас үй пышағы тәркіленген.

Жарақат алған тәртіп сақшысы Талдықорған қалалық ауруханасына жеткізілді.

Билік өкіліне қатысты күш қолдану дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 380-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық іс қозғалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1910949-taldyqorganda-policiya-qyzmetkerine-zergilikti-turgyn-pysaq-zaraqatyn-saldy/

pixel