Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетау қаласында 16 үй өртеніп кетті

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Көкшетауда саяжайлардағы 16 үй отқа оранғанын хабарлады деп жазады Хабар 24 арнасы.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, мамырдың 8-інде сағат 12:44-де "101" пультіне "Целинник" және "Авиатор" саяжай кооперативтерінің учаскелерінде құрғақ шөптің жанып жатқандығы туралы ақпарат түскен.

Анықталғандай, өрт аумағы 5 гектарды құрады.

Тілсіз жауды ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 73 адам және 8 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Сонымен қатар Көкшетау техникалық иститутынан 25 курсант және 2 техника, жергілікті атқарушы органдардан 4 қызметкер және 4 техника қосымша тартылғаны белгілі болды.

"Өрттің салдарынан 16 саяжай отқа оранды. Оның алтауы "Целинник", оны "Авиатор" саяжай кооперативтеріне тиесілі. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт қоқыс пен құрғақ шөпті жағу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан шыққан", - деді Көкшетау қалалық Төтенше жағдай басқармасының бастығы Әсет Жақсылықов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1911673-koksetau-qalasynda-16-ui-ortenip-ketti/

pixel