Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мас болған: Оралда жасөспірім қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Опубликовано:

Қыз бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Оралда жасөспірім қыз бесінші қабаттан құлап кетті деп хабарлайды Мой город порталы.

Төтенше жағдай 9 мамыр сағат 4.20-да "Құрылысшы" шағын ауданында болды.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2004 жылғы қыз бесінші қабаттың терезесінен кіреберістің маңдайшасына құлаған.

Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері қыз жабық бас сүйек-ми жарақатын алғанын айтты. Сондай-ақ іші, кеуде тұсы зақымданған. Қабырғалары мен жіліншігі сынған.

Облыстық басқарманың баспасөз қызметі терезеден құлаған қыздың мас болғанын нақтылады. Қазір ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаеваның Грузияда жұмбақ жағдайда қайтыс болғанын жазған едік.

Кейінірек еліміздің сырты істер министрлігі қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Грузияның құқық қорғау органдары біздің елшілікке берген ақпаратқа сәйкес, биылғы 5 мамырда Тбилиси қаласындағы бір үйдің терезелерінің астынан Қазақстан азаматының денесі табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, аталған қыз 9-қабаттан құлап мерт болған.

Грузиядағы Қазақстан елшілігінің консулы марқұмның отбасымен үнемі байланыста. Бұл іс елшіліктің ерекше бақылауына алынды. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ел азаматының денесін отанына жеткізуге жан-жақты көмек көрсетуде", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1911685-mas-bolgan-oralda-zasospirim-qyz-kopqabatty-uidin-terezesinen-qulap-ketti/

pixel