Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда отқа оранған пәтерден төрт адамның мәйіті табылды

Опубликовано:

Өрт сөндіруші
Көрнекі фото: NUR.KZ

Павлодарда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, нәтижесінде оның салдарынан төрт адам қаза тапты. Олардың арасында кішкентай бала бар деп хабарлайды Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай 9 мамыр күні сағат кешкі 21:00 шамасында орын алған. Камзин көшесінде орналасқан он қабатты тұрғын үйдегі пәтер отқа оранды. 56 шаршы метр аумақты шарпыған жалын үшінші қабаттағы баспанадан шыққан.

Өрт өртсөндірушілерге хабар берілген соң, жарты сағаттан кейін сөндірілді.

Оқиға орны
Фото: Павлодар облысының ТЖД

Оқиға орнынан төрт адамның мәйіті табылды. Олардың арасында екі әйел, бір ер адам және кішкентай бала бар.

Қазіргі таңда, төтенше жағдай салдарынан қайтыс болғандар туралы мәліметтер мен олардың өліміне қатысты деректер анықталуда.

Өрт оқиғасы орнында 28 маман, сегіз арнайы техника мен өрт-сынақ лабораториясы жұмыс істеді.

Оқиға орны
Фото: Павлодар облысының ТЖД

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1911702-pavlodarda-otqa-orangan-paterden-tort-adamnyn-maiiti-tabyldy/

pixel