Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда ішімдікке сылқия тойған ер адам көпірден секіріп кетті (видео)

Опубликовано:

Су
Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада мас күйде болған ер адам "Қазақстан" спорт кешенінің маңындағы көпірден секіріп кетті. Тәртіп сақшылары азаматты құтқарып қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қалалақ полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 9 мамыр күні сағат 04:30-да орын алған.

"9 мамырда сағат 04:30-да полиция департаментінің жедел басқару орталығына ер адамның Қажымұқан көшесінің бойындағы "Қазақстан" спорт кешені маңындағы көпірден секіргелі жатқаны туралы хабар түсті. Полицейлер оқиға орнына жеткен сәтте жас жігіт көпірден секіріп үлгерді" , – делінген хабарламада.

Көпірден секірген ер адамды елордалық полиция қызметкерлері құтқарып қалған. Ол үшін тәртіп сақшылары да суға түсіп, оны қауіпсіз жерге шығарған.

Тексеру нәтижесінде 22 жастағы астана тұрғыны мас күйде болғаны анықталды.

"Оқиға орнында дәрігерлер көмегі ұйымдастырылды және қазіргі кезде оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ ", – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметі.

Сонымен қатар, Instagram желісіндегі kris.p.astana парақшасында оқиға сәтінен видео жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1911707-nur-sultanda-isimdikke-sylqiya-toigan-er-adam-kopirden-sekirip-ketti-video/

pixel