Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түнгі ауысымнан қайтып келе жатқан": Алматылық полицей жол апатынан көз жұмды

Опубликовано:

Манап Саттаров/Facebook
Фото: Манап Саттаров/Facebook

Алматылық полицей Алматы облысында түнгі ауысымнан үйіне қайтып келе жатып, жол апатынан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы жергілікті полиция қызметінің басшысы Манап Саттаров өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Оның сөзінше, қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат тоғыздар шамасында Алматы облысының Қарасай ауданында орын алған.

"Көлді - Жалпақсай" тас жолында Mazda-626 көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Алматы қалалық патрульдік полициясының инспекторы, 1999 жылы туған Надір Қалымов басқарған Lada Granta көлігімен соқтығысқан. "Лада" жолдың шетінен шығып кетіп, ағашты ұрған", - деді Саттаров.

Оның сөзінше, полиция кіші сержанты Надір Қалымов түнгі ауысымнан үйіне қайтып келе жатқан. Тәртіп сақшысы алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тәсілім етті.

Түрлі жарақат алған екінші көліктің жүргізушісі ауруханаға жатқызылған.

Қазір бұл іс бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша Қарасай ауданының полиция басқармасы тергеу жүргізуде.

Алматы полициясы Қалымовтың полиция бөлімінде 2019 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет еткенін, оның анасы мен жүкті әйелі болғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1913288-tungi-reisten-qaityp-kele-zatqan-almatylyq-policei-zol-apatynan-koz-zumdy/

pixel