Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында полицей өз-өзіне оқ атты

Опубликовано:

Тапанша ұстаған адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысы Железинка ауданының прокуратура ғимаратында полицей өз-өзіне оқ атты деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Әлеуметтік желілерде Железин ауданының аға тергеушісі өзін мылтықпен атып, өлтіргені туралы хабарлама тараған болатын.

Департаменттің баспасөз қызметі оқиғаның прокуратура ғимаратында болғанын растады. Мекеме өкілдерінің айтуынша, тәртіп сақшысының оң иығы жараланған. Полицейдің өзі аман. Бірақ оның өз-өзіне не үшін оқ атқаны әзірге белгісіз. Департамент өкілдері бұл туралы тіс жармады.

"Полиция қызметкері ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Қазіргі күні жағдайы қалыпты, өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Аталған факті бойынша Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", -дейді Павлодар облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Рашад Өтеуов.

Ө. Қуанар

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысының Райымбек ауданында полиция қызметкері жанжал барысында әріптесін табельдік тапаншамен жарақаттағанын жазған едік. Бұл жайтқа қатысты облыстық полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Серік Күдебаев пікір білдірді.

Ол бұл факті бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасы "Адам өлтіруге оқталу" бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1914414-pavlodar-oblysynda-policei-oz-ozine-oq-atyp-zaralandy/

pixel