Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көшенің қақ ортасында көлік өртеніп кетті (видео)

Опубликовано:

Кадр
Видеодан кадр: instagram.com/kris.p.online

Оңтүстік астана көшелерінің бірінде көлік жанып кетті. Жарылыс болып, транспорттың өртке оранған сәті әлеуметтік желіде тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram-дағы kris.p.online тобында жарияланды. Роликтің жазбасында оқиғаның Қалқаман ықшамауданында түсірілгені айтылған.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт кеше, 25 мамыр күні күндіз Райымбек даңғылының бойында болған.

"Апат салдарынан 1992 жылғы Volkswagen Passat автокөлігі өртеніп кетті", - делінген министрліктің хабарламасында.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер қызыл жалынды 5 минутта ауыздықтаған.

Құтқарушылар автокөлік жүргізушілеріне мамандандырылған техникалық қызмет көрсету станцияларында автомобильдердің электр жабдықтарына қызмет көрсету керектігін және әрқашан жұмыс істейтін өрт сөндіргіштері болуы керек екенін еске салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1914472-almatyda-kosenin-qaq-ortasynda-kolik-ortenip-ketti-video/

pixel