Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелін соққыға жыққан ер адамды ұрып, телефонын ұрлап кеткен елордалық қолға түсті

Опубликовано:

Полиция ұсталды
Көрнекі фото: pxhere.com

Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлеріі кісі тонады деген деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады деп хабарлайды Қазақпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, тергеу барысында алкогольді сусынға тойып алған ерлік-зайыптылар арасында жанжал шығып, күйеуінің әйелін ұрғаны анықталды.

Кикілжіңді кездейсоқ байқап қалған ер адам келіншекті қорғамақ болып, оның жарын соққының астына алған.

Артынша оның ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан ізін жасырған.

Осыдан кейін жәбірленуші полицияға хабарласып, арызданыпты.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің "Байқоңыр" аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздеу шаралары барысында күдіктіні қолға түсірді.

Ер адамның бұрын қылмыстық жауапқа тартылғаны белгілі болды.

Ол өз кінәсін толық мойындап отыр.

Тәртіп сақшылары ұялы телефонның иесіне қайтарылғанын жеткізді.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат оқшаулағышқа қамалды.

Аталған факті бойынша "тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, ұсталған ер адамның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Жәбірленушімен профилактикалық әңгіме жүргізілді, ерлі-зайыптылар татуласты.

Полиция қызметкерлері ер адамды тұрмыстық салада заңға қайшы әрекеттер үшін құқықтық жауапкершілік қарастырылған туралы ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1914747-aielin-soqqyga-zyqqan-er-adamdy-uryp-telefonyn-urlap-ketken-elordalyq-qolga-tusti/

pixel