Павлодар облысында жеңіл көлік ағашқа соғылып, бір адам көз жұмды
Опубликовано:

Павлодар облысында жеңіл көлік ағашқа соғылып, салдарынан бір жолаушы қайтыс болды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Қайғылы жағдай 1 маусым күні сағат 23.00-де Әуежай-Павлодар тас жолында болған.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "БМВ-ның" 27 жастағы жүргізушісі жылдамдықты асырып, нәтижесінде рөлге ие болмай қалған.
Осылайша, жеңіл көлік ағашқа және жарықтандыру тірегіне соғылған.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жолаушы ауруханада есін жимастан қайтыс болды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізіледі", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, осы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында 168 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Жол апаты салдарынан 10 адам қаза тауып, 252 адам жарақат алған.
Еске сала кетсек, 30 мамыр күні Нұр-Сұлтан-Петропавл тас жолында жол апаты болып, екі адам көз жұмғанын жазған болатынбыз.
Полицияның мәліметінше, VolkswagenPolo көлігінің 30 жастағы жүргізушісі Нұр-Сұлтан қаласы бағытында келе жатып, көлікті басқара алмай, алда келе жатқан MercedesBenz маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.
Cоққыдан VolkswagenPolo көлігі аударылып кетіп, салдарынан ауыр жарақаттар алған оның жолаушылары - 67 жастағы ер адам мен 56 жастағы әйел оқиға орнында қайтыс болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1915631-pavlodarda-zenil-kolik-agasqa-sogylyp-bir-adam-koz-zumdy/