Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда 32 жастағы азамат жұмбақ жағдайда көз жұмды: Өлім себебі айтылды

Опубликовано:

1
Фото: Жеке мұрағат

Қарағандыда 32 жастағы азаматтың неден қайтыс болғанын анықтайтын сараптама нәтижелері шықты. Туыстары марқұмды ток ұрғанын айтқан еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"9 маусымда болған жазатайым оқиға бойынша, ҚР ҚК 306-бабы (қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сол күні "Горняк " аялдамасынан 32 жастағы ер адамның денесі табылған еді. Сот-медициналық сараптама жәбірленушінің өлімі электр тогының соғуы салдарынан болғанын анықтады", - деп хабарлады ведомстводан.

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу шараларын жүргізуде. Сондай-ақ, департамент 6 маусымда сол ауданда 36 жастағы әйел жүрек ауруынан қайтыс болғанын айтып, оның өлімін ток соққысымен байланыстырмауға шақырды.

”Әйел де электр тогының соғуынан қайтыс болды деген болжамдар мен қауесеттерге негіз жоқ", - деп толықтырды аймақтық ПД.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1917106-qaragandyda-32-zastagy-azamat-zumbaq-zagdaida-koz-zumdy-olim-sebebi-aityldy/

pixel