Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде терезе жуып жатқан қыз 4-қабаттан құлап кетті

Опубликовано:

Қыыз
Фото: ШҚО ТЖД

Семейде 25 жастағы қыз 4-қабаттың терезесінен құлап кетті. Бойжеткен ауруханаға жеткізілді.

Semey News басылымының Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап жазуынша, келеңсіз жайт Затаевич көшесіндегі үйлердің бірінде болған.

Зардап шегушінің құрбысы 25 жастағы қыздың терезе жуып жатқан кезде құлап кеткенін айтқан.

Оқиға орнына келген ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары арнайы жабдықтың көмегімен қызды түсіріп, оны медицина қызметкерлеріне тапсырған.

Ал ақ халаттылар бойжеткенді ауруханаға жеткізген. Оның қазіргі жағдай орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Ведомство өңір тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Екібастұзда балконнан ақ жаймамен түспек болған ер адам көз жұмғанын жазған едік.

Оқиға 14 маусым күні Энергетиктер көшесінде болған. 46 жастағы ер адам өзіне төсек жаймасынан альпинистік құрал жасап алып, балконнан төмен қарай түсе бастаған. Тұрғын бұл әрекетке бармас бұрын ішімдік ішкен екен.

Ал үшінші қабаттан жаймамен түсіп келе жатқанда жайма үзіліп кетіп, ол жерге құлаған. Түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілгенімен бірнеше сағаттан кейін тұрғын ауруханада көз жұмған.

Полицияның мәліметінше, ер адамның көшеге неліктен балкон арқылы шықпақ болғаны белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1917887-semeide-tereze-zuyp-zatqan-qyz-4-qabattan-qulap-ketti/

pixel