Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда үстіне құрылыс материалдары құлаған жұмысшы тіл тартпай кетті

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда сұранысқа ие мамандықтар тізімі жарияланды
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматыдағы салынып жатқан ғимараттардың бірінде жұмысшы қайтыс болды. Оның үстіне құрылыс материалдары құлап кеткен деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, ер адам алған жарақатынан оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Ал құрылыс компаниясы марқұмға қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулық берілгенін және оның қажетті жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілгенін хабарлады.

Қазір болған оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

"BI GROUP" компаниясы өлімге басқа адамдардың қатысы болып-болмауы анықталып жатқанын айтты. Сондай-ақ еңбек департаментінің қызметкерлері тергеу жүргізуде.

"Біздің компания бұл қайғылы оқиғаны ерекше бақылауына алып, марқұмның отбасына барлық қажетті көмекті көрсетеді", - делінген компанияның хабарламасында.

Сонымен бірге полиция қылмыстық іс қозғаған. Егер кінәлі адам табылса, онда ол бес жылдға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

А. Нуртазина

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодарда салынып жатқан көпқабатты ғимараттың опырылып түскенін жазған едік.

"Құтқарушылар зардап шеккен үш ер адамды тапты. 1987 жылы туған ер адам - диагнозы-жабық бассүйек ми жарақаты, бас миының шайқалуы, санның жыртылуы. 1996 жылы туған ер адам, диагноз-жабық бас сүйек жарақаты, бас миының шайқалуы, оң қолының жарақаттануы. 1993 жылы туған ер адам - диагноз анықталуда", - деп хабарлайды өңірдегі ТЖД.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1918293-almatyda-ustine-qurylys-materialdary-qulagan-zumyssy-til-tartpai-ketti/

pixel