Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шөпке таласқан: Түркістан облысында ер адам өз бауырының ауласына өрт қойды (фото)

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Түркістан облысында тұрғындардың бірінің үйінің ауласында өрт болды. Өртті қойды деген күдікпен зардап шегушінің ағасы ұсталды. Ағайындылар өзара бөлісе алмаған шөп жанып кеткен деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Ол ауласында тұрған бір мая пішеннің жанып кеткенін айтқан. Зардап шегушіге 1,2 млн теңге шығын келген.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды.

Бұл қылмысты жасады деген күдікпен зардап шегушінің ағасы ұсталған. Ағайындылардың арасында пішен шөп үшін жанжал болғаны анықталды.

Болжам бойынша түсініспеушілік салдарынан күдікті бауырының ауласындағы шөпті жағып жіберген.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Өрт
Оқиға орны. Фото: polisia.kz

Еске сала кетсек, Түркістан облысы Түлкібас ауданында туыс ағасының атынан онлайн несие рәсімдеп жіберген ер адам әшкере болған еді.

Сондай-ақ, Түркістан облысында тойға дайындалып жатқан туысқандар арасында жанжал туындап, пышақ жарақатын алған ер адам қайтыс болды.

Оқиға осы жылдың 30 қаңтарында Сарыағашта тойға дайындалып жатқан әулетте қанды оқиға орын алған.

Қалыңдықтың үйіне жиналған туыстар азық-түлік дайындап жатқан. Ондаған ер адам палау үшін көкеніс турап отырыпты.

Бір сәтте 42 жастағы екі туыстың арасында жанжал туындаған. Осы кезде ер адамның бірі қарсыласының кеудесіне пышақ сұғып, ол жүрегін тесіп өткен. Зардап шегуші оқиға орнында қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1920061-sopke-talasqan-turkistan-oblysynda-er-adam-oz-bauyrynyn-aulasyna-ort-qoidy-foto/

pixel