Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда тапаншамен шабуыл жасаған қарақшыны әкесі мен баласы тоқтатты

Опубликовано:

Кадр
Видеодан кадр: Polisia.kz

Атырауда әкесі мен баласы тапаншамен шабуыл жасаған қарақшыны ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым дерегінше, 23 маусым күні сағат 19:30 шамасында 48 жастағы ер адам мен 25 жастағы ұлы “Дина” базарының қоймаларының бірінде болған.

Әкесі көлікте отырған уақытта машинаға бетперде таққан, қолында пневматикалық тапаншасы бар белгісіз адам келіп, оны қорқытып, ер адамнан ақша талап етіпті. 

Бұны көрген жас жігіт әкесіне көмекке келді. Олар бірге қарақшының қаруын тартып алып, оны тәртіп сақшылары келгенге дейін ұстап тұрған. Тонау сәті бейнебақылау камерасының объективіне түсті.

Қазіргі уақытта 34 жастағы күдікті қамауда отыр. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі "Тонау" бойынша тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1920164-atyrauda-tapansamen-sabuyl-zasagan-qaraqsyny-akesi-men-balasy-toqtatty/

pixel