Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі пышақ ұстаған жігіт адамдарға шабуыл жасап, бірі қайтыс болды

Жарияланған күні:

Пышақ ұстаған жігіт
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыда екі пышақпен қаруланған ер адам көшеде өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасап, салдарынан бірі қайтыс болып, тағы бірі жарақат алды деп хабарлайды Алматы қаласы полиция департаменті Telegram-дағы ресми парақшасында.

Полицияның мәліметінше, оқиға Теректі шағынауданында болған. Көшеде өтіп бара жатқандр ер адамның қанға боялған денесін көріп, құзырлы органға хабар берген.

Оқиға орнына жеткен мамандар марқұмның денесінде он пышақ жарақаты бар екенін анықтаған.

Көз жұмған ер адамның қалтасынан құжаттары табылғандықтан оның жеке басын бірден анықтау мүмкін болған.

Кейінірек полиция қызметкерлері қылмыстың куәгері болған марқұмның досын тапты. Оның айтуынша, өздеріне екі пышақ ұстаған белгісіз ер адам шабуыл жасаған.

Куәгер әрі марқұмның досы да бірнеше жарақат алған, бірақ жарақат оның денсаулығына аса қауіпті емес болып шықты.

Полиция күдіктіні ұстаған. Қолға түскен ер адамның токсикоманиядан зардап шегетін және қарақшылық үшін сотталған 20 жастағы қала тұрғыны екені анықталып отыр.

Ол жауап алу кезінде полицияға еліткіш дәрі-дәрмектердің әсерінен қатты галлюцинация болғанын айтқан.

Қазір аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша іс қозғалған, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, бұған дейін Атырауда Корея азаматы анасын балағаттаған танысына пышақ жарақатын салғанын хабарлаған едік. Абырой болғанда зардап шегуші аман қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1920311-almatyda-eki-pysaq-ustagan-zigit-adamdarga-sabuyl-zasap-biri-qaitys-boldy/