Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазмұнайгаздың" Румыниядағы зауытында өрт болып, бір адам қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Зауыт
Оқиға орнынан фото: Қазмұнайгаз

Румынияның Констанца қаласының маңындағы "Petromidia" мұнай өңдеу зауытында өрт шықты деп хабарлайды "Қазмұнайгаз" компаниясының ресми сайты.

KMG International компаниясының корпоративтік даму жөніндегі бас директоры Ескендір Әбдібайытовтың хабарлауынша, алдын ала ақпарат бойынша төтенше жағдайдан бес адам зардап шегіп, бір адам қаза тапқан.

Дағдарысты басқарудың ішкі рәсімдеріне сәйкес, компания барлық ресурстарды жұмылдырған, зауыттағы технологиялық процестер тоқтатылған, барлық қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылған.

"Қазіргі уақытта МӨЗ-дегі өрт сөндірілді. Оқиға орнында зауыт пен жергілікті биліктің өртке қарсы қызметтері жұмыс істеуде. Жағдай бақылауда", – деп хабарлады Ескендір Әбдібайытов.

Ал РИА Новости Румынияның жергілікті басылымдарына сілтеме жасап зауытта тек өрт қана емес, жарылыс та болғанын жазды.

Басылым оқиға орнынан түсірілген кадрлармен бөлісті.

Ол жерден зауыттың үстіне қара түтіннің көтерілгенін байқауға болады.

Сонымен қатар, төтенше жағдай болған жерге Румынияның ішкі істер министрі Лучина Боде мен төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Раед Арафаттың барғаны хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, "Petromidia" МӨЗ-і Қара теңіз жағалауында орналасқан және KMG International компаниясының Румыниядағы мұнай өңдеу зауыты болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1920721-qazmunaigazdyn-rumyniyadagy-zauytynda-ort-bolyp-bir-adam-qaza-tapty-video/

pixel