Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда балабақшаның темір қоршауы баланың үстіне құлады

Опубликовано:

Қоршау
Фото: instagram.com/lashes_katysha_temirtau

Теміртауда балабақшаның темір қоршауы 13 жасар баланың үстіне құлады. Бала басынан ауыр жарақат алып, ауыр жағдайда жатыр. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Теміртау полиция басқармасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде оқиға туралы ақпаратты жарақат алған баланың анасы таратты.

Әйел видео үндеу түсіріп, онда 1 шілдеде үлкен ұлы кішісін жаттығу сабағына алып бара жатқанын, ал олар балабақшаның жанынан өтіп бара жатқанда, темір қоршау балалардың үстіне құлап түскенін айтқан.

Інісі темір қоршау құлаған кезде жүргіріп үлгерген, ал үлкені ауыр құрылымның астында қалды. Әйелдің айтуынша, қорғау дұрыс бекітілмеген.

"Менің отбасымда үлкен қайғылы оқиға болды. "Таңшолпан" балабақшасының қоршауы үлкен баламның үстіне құлады. Құрметті ата-аналар, осы балабақшаға баратын балаларыңызға қамқор болыңыздар. Құрылымы бекітілмеген.

Менің балам қазір өмір мен өлім арасында тұр, оның бас сүйегінің самай, желке бөлігінің сынған, мидың қатты жарақаты, ішінара амнезия бар. Оның жағдайы ауыр", – деді зардап шеккен баланың анасы көз жасын жасырмай.

Әйел металл конструкцияны орнатқан мердігерді қатаң жазалауды талап етеді. Ана бұл бағытта бар күшін салатынын мәлімдеді.

Теміртау полиция басқармасы бұл жағдайға түсініктеме берді.

"Аталған факті бойынша қылмыстық кодексінің 277-бабының 1-бөлігі "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1920844-temirtauda-balabaqsanyn-temir-qorsauy-balanyn-ustine-qulady/

pixel