Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында тікұшақ құлады

Опубликовано:

Көрнекі
Фото: arenda-samoleta.kz

Алматы облысында Eurocopter EC 130B4 тікұшағы апатқа ұшырады деп хабарлайды азаматтық авиация комитетінің Telegram арнасы.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы 5 шілдеде сағат 17:40-та Алматы облысында пайдаланушысы "Q-AVIA" ЖШС тіркеу нөмірі UP-EC008 Eurocopter EC 130B4 тікұшағы жайсыз қонған.

Әуе кемесінің бортында экипаждың 1 мүшесі және 2 жолаушы болған. Азаматтық авиация комитеті оқиғадан ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша комиссия құрылғаны белгілі болды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы тергеу жүргізетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1921034-almaty-oblysynda-tikusaq-qulady/

pixel