Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

40 мың гектар жерді шарпыған: Ұлытаудағы алапат дала өрті ауыздықталды

Жарияланған күні:

Өрт сөндіруші
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қарағанды облысы Ұлытау ауданында дала өрті толығымен жойылды. Жалын 40 мың гектарға жуық жерді шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлытау ауданындағы ен даланы шарпыған өрт толығымен жойылды. Өрттің ең үлкен аумағы 2 ауылдық округ - Жангелді және Ақтас аумағында болды.

28000 гектар алаңда құрғақ шөп өртенгені белгілі болып отыр. Жалын жетінші шілде күні 18:10-да ауыздықталып, сегізінші шілдеде 21:00-де толықтай өшірілді.

Шеңбер ауылдық округінде, Қорғасын ауылынан солтүстікке қарай 20 шақырым жерде төртінші шілде күні сағат 19:20-да 4700 гектар алаңда құрғақ шөптің жануы тіркелген. Өрт жетінші шілдеде 17:20-да ауыздықталып, сегізінші шілде 21:00-де жойылды.

Аталмыш ауылдық округте, Қорғасын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде 3500 гектар жерді алып жатқан өрт сегізінші шілде 21:00-де сөндірілді.

Ұлытау ауданының тағы бір ауылдық округі дала өртінен зардап шекті. Амангелді ауылдық округінің Сарлық ауылынан батысқа қарай 70 шақырым жерде 3600 гектар алаңда құрғақ шөп өртенді. Өрт сегізінші шілде 21:00-де жойылды. Өртті сөндіруге барлығы 540 адам мен 70 бірлік техника жұмылдырылды.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл ауылының 23 жастағы тұрғыны Бейбарыс Ескендір дала өртін сөндіру кезінде қайтыс болғаны туралы жазған едік. Туған ауылына қауіп төнгенде басын қатерге тіккен жігіт тілсіз жауды ауыздықтауға атсалыспақ болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1921576-40-myn-gektar-zerdi-sarpygan-ulytaudagy-alapat-dala-orti-auyzdyqtaldy/