Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құлап бара жатқан аттракцион мен ондағы адамдарды құтқарғандар көптің алғысына бөленді (видео)

Опубликовано:

Фото
Фото: ria.ru

АҚШ-тың Мичиган штатында құлап бара жатқан аттракцион мен ондағы адамдарды құтқарып қалған жергілікті тұрғындар елдің алғысына бөленді деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше оқыс оқиға Траверс-Ситиде өткен Ұлттық шие фестивалінде болған.

Оқиға орны көрсетілген бейнежазбадан "Ұшақ-кілем" аттракционында отырған адамдардың айғайлаған дауысы, ал аттракционның өзі теңселіп, құлайын деп тұрған сәтін анық көруге болады.

Абырой болғанда, аттракцион маңында болған демалушы тұрғындар еш қорықпастан, оны дер кезінде ұстап, адамдардың өмірін құтқарып қалды.

Аталған видео желі қолданушылары арасында да қызу талқыланып жатыр.

"Құдай сақтаған екен, аттракционнан қорықпай, жанына барып, ұстап қалған адамдарға батыр атағын беру керек, жарайсыздар", "Алла сақтасын, аттракциондарға балаларды отырғызуға қорқатын болдық", "АҚШ-та адамдар сондай мейірімді, көмектерін аямайды, бәрі солардан үлгі алса ғой", "Тамаша, Алладан қайтсын" деп желі қолданушылары пікірлерін жаудырып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Украинада да адам отырған аттракцион істен шығып, салдарынан бірнеше адам жарақат алғанын хабарлаған едік. Төтенше жағдай Николаев облысы Вознесенск қаласында орын алған еді. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп, желіге жүктеген болатын.

Оқыс оқиғаның салдарынан үш адам жарақат алған. Одан бөлек, аттракционды тоқтатпақ болып, кассир отырған кабинаның терезесін сындырған куәгерлердің бірі қолын кесіп алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1921950-qulap-bara-zatqan-attrakcion-men-ondagy-adamdardy-qutqargandar-koptin-algysyna-bolendi-video/

pixel