Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тас үйге тығылып, аман қалдық": Ұлытаудағы өртте 300 қойынан айырылған шаруа мұңын шақты (видео)

Опубликовано:

Сағынтай Абдибеков
Скриншот: видеодан алынды

Ұлытау ауданында болған өртте Сағынтай Әбдібеков үш жүз қойынан қас пен көздің арасында айырылып қалды. Оған қоса он шақты ірі қара мен бұзауларын да тілсіз жау жалмап кеткен. Ұлытаулық азамат жан-жақтан келген өрттен өздері қалай аман қалғандарын айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Барынан айырылған ұлытаулық шаруа қожалығының иесі өзіне өрттен қанша шығын келгенін айтты. Видеоны желіде Айсұлтан Жақыпов жария етті.

"Мал мынау жатқан, өзі бас-аяғы 300 бас осы. Бала-шағаны асырап отырған. Осыған қарап отырдық. Жағдай осы, жатыр бәрі. Не істейміз енді?", - дейді малының өлексесін камераға көрсетіп.

Ұлытау ауданы Жангелді ауылының тұрғыным өрттен өздері қалай аман қалғанын жеткізді.

"Өрттің салдарынан осындай жағдайға душар болдық. Біріншіден, Алланың сынағы шығар, екіншіден өрт жан-жақтан келіп бой бермей, осындай жағдайға душар болдық. Балаларымды құдай сақтады, тас үйге тығылып, содан аман қалдық, Үш сағат тас үйде отырдық түтіннің ішінде", - дейді Сағынтай Әбдібеков.

Ал ақпаратты желіде таратқан Айсұлтан Жақыпов шаруаға жылу жинауды ұйымдастырды. Ол қазақ елінің бауырмалдығы мен бірлігін осы жағдайда сынап көруді ұсынды.

"Бұл қазақ кімге көмектеспеді? Кімге қайғырмады? Мьянма дедік. Аспанға шар ұшырып өзге елдің қайғысын бірге көтерістік. Тізе беруге болады. Бәрін жүрекке жақын қабылдаймыз әйтеуір. Қызылағаш оқиғасында ондай болды ма білмеймін. Көкпекті суға кеткенде, Арыста, Мақтаралда бір-біріне демеу болды.

Былтырғы пандемия кезінде бірігіп өкпеге жел беретін құрылғыларды да сатып алдық.

Ұлытау ауданындағы өртте ең үлкен шығынға ұшыраған Сағынтай Абдбеков ағамыз. Үш жүз қойының бірі де аман қалмаған. Өртенген он шақты ірі қара, бұзауларын қоспай отырмыз. Бала-шағасының киім-кешегі де жанып кеткен(қоймада тұрған қысқы киімдер). Қысқа шөп шабатын шабындығы да өртеніп кеткен.

Көп түкірсе, көл. Бір күнгі сырамыздың, темекіміздің, басқа да ішіп жемнің ақысын осы кісіге бұрсақ қалай қарайсыздар? Мен өз қолыммен тапсыруға уәде берем", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1921965-tas-uige-tygylyp-aman-qaldyq-ulytaudagy-ortten-300-qoiynan-aiyrylyp-qalgan-sarua-munyn-saqty-video/

pixel