Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда ер адам ойыншық тапаншамен қорқытып ломбардты тонап кетті (видео)

Опубликовано:

Фото
Фото: polisia.kz

Нұр-Сұлтанда ломбардты ойыншық тапаншамен тонап кеткен ер адам ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай 20-шы шілде күні 102 пультіне кассирден бірнеше минут бұрын белгісіз адам тапаншамен қорқытып, ломбардты тонағаны туралы хабарлама түскен.

Күдікті 200 мың теңге ақшаны қолды қылып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Жәбірленушінің айтуынша, сағат 12.00-де медициналық маскадағы ер адам терезеге жақындап, тапаншаны кезеген.

"Ол терезеге целлофан пакетін созып, тыныш дауыспен, "ақшаны тезірек пакетке сал, алтын тағы не бар, барлығын! Әйтпесе өлтіремін!", - қорқытты дейді жәбірленуші.

Осы кейін кассадағы қыз еш ойланбастан бар ақшаны жинап, пакетті қарақшының қолына тапсырып, артынша полицияға хабар берген.

Оқиға орнына жедел полиция тобы келіп, күдіктінің белгілері анықталды. Бағыт-бағдар бойынша барлық аудан полиция жасақтарымен тексерілген.

Жедел басқару орталығының операторлары да бейнекамераларды қарап шыққан. Нәтижесінде күдіктіге ұқсас ер адам байқалған. Бейне кадрлардан күдіктінің тез арада белгісіз затты білдіртпей лақтырып жібергені байқалған.

Кейін бұл белгісіз затты өтіп бара жатқан өзге бөгде адам тауып алған, ол тексеріс нәтижесінде ойыншық тапанша болып шыққан.

Ал күдікті сауда үйінің тұрағында қолға түскен. Ол қала маңындағы елдімекеннің 28 жастағы тұрғыны болып шықты.

Күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Қазір ол, уақытша ұстау изоляторында отыр. Аталған факті бойынша қарақшылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1923406-nur-sultanda-er-adam-oiynsyq-tapansamen-qorqytyp-lombardty-tonap-ketken-video/

pixel