jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Найзағай түскен болуы мүмкін: Грузияға ұшып кеткен ұшақ Алматыға қайта оралды

    Ұшақ
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Тбилисиге ұшып шыққан Air Astana ұшағы Алматыға қайта оралды. Болжам бойынша әуе кемесіне найзағай түскен болуы мүмкін. Бұл туралы Air Astana-ның баспасөз қызметі хабарлады.

    "9 тамызда "Алматы-Тбилиси" бағыты бойынша KC139 рейсін орындаған борт, сағат 20:30-да Алматы уақыты бойынша ұшып шығып, найзағай түскен болуы мүмкін деген себеппен әуежайға қайта оралды. Ұшақ штатты режимде қонды", - деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

    Олар зардап шеккендер жоқ екені атап өтті. Компанияның хабарлауынша, бортты ауыстырғаннан кейін жолаушылар сағат 00.40-та діттеген жеріне ұшып кеткен.

    "Ұшақ толық тексерілді, найзағай түскен жерлер анықталмады. Әуе кемесі қайтадан қолданысқа берілді", - деп хабарлады Air Astana.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Маңғыстау облысында шаңды дауыл кезінде ұшақ далаға қонуға мәжбүр болғанын жазған едік. Облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Айларбек Шыршықбаев ұшақтың не себепті жазық далаға қонғанын түсіндірді.

    Оның сөзінше, әуе кемесінің бортында инфаркт алған әйел отырған. Оны медициналық көмек көрсету үшін Ақтауға жеткізу керек болған. Борт Ақтау халықаралық әуежайына ұшып келген, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты қонуға рұқсат берілмепті.

    Осыдан кейін ұшқыш әуежай маңына жақын жерге өз бетінше қонуға шешім қабылдап, әйелдің өмірін құтқарып қалған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.