RU

"Ойыннан өрт шықты": Ақтөбеде кішкентай балалар "ГАЗель" автокөлігін өртеп жіберді

Көлік
Өртенген көлік. Фото: "ҚазАқпарат"

Ақтөбеде 5, 6 және 7 жасар балалар аулада тұрған көлік ішінде ойнап, от тұтатқан. «ГАЗель» толық жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өрт Ақтөбе қаласының «Спецавтобаза-2» бау-бақша ұжымында тіркелді. «ГАЗель» автокөлігі өртенді. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен өрт сөндіру қызметі жіберілді. Анықталғандай, көлікті 5, 6 және 7 жастағы үш көрші баланың жағып жібергені белгілі болды.

«Балалар автокөлік бортында ойнап, орындықтың жұмсақ бөлігін өртеп жібергенін айтты. Машина толығымен жанып кеткен. Балалардың бұзақылығы үшін ата-аналары жауапқа тартылады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1927663-oiynnan-ort-syqty-aqtobede-kiskentai-balalar-gazel-avtokoligin-ortep-ziberdi/